Пашинян ҰҚШҰ-ны Қарабақтағы жағдайға қатысты ұстанымы үшін сынға алды

567

Ол Әзербайжанның әскери бөлімшелері әлі күнге дейін Сотк-Хознавар учаскесінде орналасқанын мәлім етті. 

Пашинян ҰҚШҰ-ны Қарабақтағы жағдайға қатысты ұстанымы үшін сынға алды

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян ҰҚШҰ-ны Қарабақтағы жағдайға қатысты ұстанымы үшін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Сотк-Хознавар учаскесіндегі жағдай Армения Қарулы күштері мен Үкіметінің сәтсіздікке ұшырағанын көрсетті.

Сонымен қатар ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бұған қатысты ұстанымы да "масқара" екенін жариялады.

"Қолданыстағы рәсімдерге қарамастан, ҰҚШҰ бұл аймақта мониторинг жүргізу туралы шешім қабылдаған жоқ. Армения қауіпсіздігі үшін маңызды болып табылатын бұл ұйым тек бақылаушы рөлінде, керек уақытта ештеңе жасамады", – деді саясаткер. 

Ол Әзербайжанның әскери бөлімшелері әлі күнге дейін осы жерде орналасқанын мәлім етті.

"Олар Арменияның қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр. 45 шаршы шақырым оккупацияда қалды, оккупацияда қалған басқа жерлер бар – 90-шы жылдардан бері 75 шаршы шақырым жер олардың қарауында. Біздің саясатымыз – бұл мәселелерді шекараны делимитациялау жөніндегі армян-әзербайжан комиссиясының қызметі тұрғысынан қарастыру", – деді Пашинян.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу