Паспорт кімдерге тегін беріледі

3348

"Азаматтарға арналған үкімет" МК бірқатар санаттағы тұлғалар паспортты тегін рәсімдей алатынан хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Паспорт кімдерге тегін беріледі

Шетелге шығарда әрбір баланың жеке паспорты (төлқұжаты) болуы қажет. Паспорт ХҚО-да рәсімделеді. 12 жасқа толмаған балалар үшін құжат әр бес жыл сайын беріледі.

Кейде балалар өскен сайын түрі де өзгереді. Мұндайда шекарада келеңсіз жағдайға тап болмас үшін төлқұжаттың мерзімі аяқталмаса да ауыстыру қажет.

Ата-анасының бірі шетел азаматы болса, оның нотариалды куәландырылған келісімі керек.

Балаларға паспорт алу үшін керекті құжаттар тізімі:
- Баланың туу туралы куәлігі (құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті);
- Ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
- Баланың фотосуреті, оны ХҚО-да жасауға болады;
- Баж төлемі туралы түбіртек (8 МРП).

"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, мүгедектер, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ белгілі бір жеңілдігі бар санаттағы азаматтар паспортты тегін алады. Қосымша ақпаратты 1414 нөмірі бойынша біле аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу