Пәтер әперемін деп алдаған алаяқ сотталды

975

Пәтер әперемін деп алдаған алаяқ сотталды

Жылыой аудандық прокуратурасының аға прокуроры Жарас Омаровтың айтуынша, 2016 жылдың наурыз айында Құлсары қаласында "А" есімді азаматша "Б" атты танысына хабарласып, пәтерді арзан бағаға, яғни 500 мың теңгеге, алып беремін деп жалған уәде берген. Кейін "Б"-ның сеніміне кіріп, нотариус арқылы қарыз алу туралы келісім-шарт жасасыпты. Сөйтіп, 500 мың теңгесін алдау арқылы иеленген, деп хабарлайды atpress.kz. 

Алайда, "А" есімді азаматша мұнымен қоймай, тағы да бірнеше аудан тұрғынын алдап, ақшаларын заңсыз қалтасына басқан. 

Аталған факті бойынша, азаматша "А"-ға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу барысында 4 миллион жарым теңге көлемінде адамдарға залал келтіргені анықталды. Нәтижесінде, Жылыой аудандық сотының шешімімен ол "алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленетін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу