banner

Пәтер иелері шетелдіктерді қабылдағаны туралы Ішкі істер органдарына хабарлау керек

Ішкі істер министрлігі қонақ үйлердің, хостелдердің, пансионаттардың, жатақханалардың, пәтерлер мен басқа да тұрғын үй-жайлардың иелеріне үндеу жасады.

Пәтер иелері шетелдіктерді қабылдағаны туралы Ішкі істер органдарына хабарлау керек

Егер үш күн ішінде шетелдіктердің қабылданғаны туралы хабарланбаса, "қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады", деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының” 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Аталған хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде міндетті түрде беріледі. Осы мерзімді өткізіп алған және көшіп келушінің келуі туралы Ішкі істер органдарына хабарламаған жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауаптылыққа тартылатынын ескертеміз", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Айта кетсек, заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған, бұл 306 мың теңгеге тең. Ал жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген. 

Шетелдіктің келуі туралы хабарламаны қабылдаушы тарап үш тәсілмен бере алады:

Бірінші. Жеке және заңды тұлғалар көшіп келушінің келгені туралы электрондық визалық және көші-қон порталы арқылы тікелей хабарлай алады: vmp.gov.kz немесе egov.kz. Ол үшін қазақстандық тарапқа көшіп келушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы және паспорттық деректері жеткілікті. 

Екінші әдіс. Қазақстан тарапынан қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар шетелдіктің келгені туралы хабарламаны тікелей өз ауданы бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлімдері мен бөлімшелеріне бере алады. 

Үшінші оңай әдіс – Apр Store немесе Play Market-тен e-Qonaq қосымшасын жүктеу. Хабарлама екі қадаммен беріледі. Тіпті, смартфонның камерасының көмегімен төлқұжатын сканерлеу арқылы шетелдіктің төлқұжат деректерін жүктеу мүмкіндігі бар. Хабарламаны авторизациялау және толтыру интуитивті. Бір минут уақыт алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу