Патронаттық тәрбиешілерге еңбекақы төленеді

1650

Патронаттық тәрбиешілерге еңбекақы төленеді

Бүгінгі күні Астанада балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың азаю үрдісі байқалады. Егер 2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы олардың саны 272 құрады. Бұл туралы қалалық білім басқармасының жетекшісі Ануар Жанғозин мәслихаттың әлеуметтік-медени мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысында айтты, деп хабарлайды  Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

"Республикада жетім балаларды тәрбиелеуге алған қазақстандық отбасыларды материалдық ынталандыру енгізілді. 2004 жылдан бері патронаттық тәрбие беру формасы дами бастады. Патронаттық тәрбиешілерге еңбек өтілі мен квалификациялық категориясына байланысты ай сайын еңбек ақы төленеді. Сонымен қатар баланы күтіп-асырауға 9-10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы беріледі", - деді А.Жанғозин.

Бұған қоса 2011 жылдан бастап баланың қамқоршылары да ай сайын 10 АЕК (22690 теңге) жәрдемақы алады.

"Ал 2015 жылдың қаңтар айынан бері бала асырап алған қазақстандық азаматтарға 75 АЕК мөлшерінде (170 175 теңге) бір жолғы төлемақы төлене бастады. Жалпы, бұл  2013 жылы елордалық балалар үйінде 422 бала болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 272 құрап отыр. Яғни, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 36% пайызға азайғаны байқалады",  - деді Астана қалалық білім басқармасының жетекішісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу