Павлодар-Астана тас жолында 170 көлік кептелісте қалды

510

Жолда 359 адам қалып қойған, олардың ішінде 14 бала бар. 

Павлодар-Астана тас жолында 170 көлік кептелісте қалды Фото: 24.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар-Астана тас жолында 170 жеңіл көлік пен жүк көліктерінен ұзынсонар кептеліс пайда болды. Оқиға Шідерті ауылының жанында болды. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Оларға арнайы 4 жылыту орталықтары әзірленді. Адамдар Шідертідегі мектеп, қонақүй, мешіттерге орналастырылды. Мамандар тас жолдарды қардан аршып, тазалап жатыр. Жұмысқа Қазавтожолдың 12 техникасы мен жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу