Оқиға туралы жедел жәрдем қызметіне 14 тамыз күні сағат 17:00 шамасында хабар түскен. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы, Апаттар медицинасы орталығының мамандары және Қалқаман ауылындағы дәрігерлік амбулатория қызметкерлері барған.
Апаттан кейін екі ұл мен қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Сонымен қатар бір әйел балалардың біріне бірге барған. Ал тағы бір ер адам мен әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жатқызылды.
Дәрігерлер ауыр жарақат алған қызды жедел жәрдем көлігінде клиникалық өлім жағдайында қабылдаған. Мамандар дереу реанимациялық шаралар жүргізгенімен, жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмаған.
Бұдан бөлек, 16 тамызда Тобылжан ауылы маңында тағы бір жол апаты тіркелді. Көлік жол жиегіне аударылып, үш ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал бойжеткенге оқиға орнында жіті стресс реакциясына байланысты медициналық көмек көрсетілді.