Көлік министрлігі Павлодар әуежайындағы жөндеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер Павлодар әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын сұрады.
"Мердігер өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып жатқан жоқ. Қазір жергілікті атқарушы органдармен ол жұмысты қайтадан бастайын деп жатырмыз. Біздің ойымызша, жөндеу жұмыстарын осы жылы бітіреміз", – деді Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев құрылыс жұмыстары жылдың аяғына дейін бітетінін нақтылады.
"Тек қана ұшу-қону жолағы жөнделіп жатыр. Былтыр мердігер және жергілікті атқарушы орган арасында мәселе туындаған. Бір мердігер ұтып алып, екінші мердігер соттасып, осыған байланысты жұмыстар ұзарды. Бірақ биыл құрылыс аяқталады", – деп атап өтті вице-министр.