ҰҚК Павлодардағы басқарма басшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

323

Ол кәсіпкерден 400 мың теңге алған болуы мүмкін.

ҰҚК Павлодардағы басқарма басшысына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады Фото: ЖИ

Әлеуметтік желіде Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысына қатысты тергеу жүріп жатқаны туралы мәлімет тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Facebook-тегі жазбаға қарағанда, Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы кәсіпкерден 400 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген. 

“Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жария етілмейді”, –  деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу