Павлодар қаласында жер үйден ер адамның мәйіті табылды

260

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

Павлодар қаласында жер үйден ер адамның мәйіті табылды Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодарда иесіз қалған жер үй өртеніп, оның ішінде қалған 39 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бүгін түскі сағат 12:48-де қаладағы №2 өткел мекенжайы бойынша жер үйдің жанып жатқаны туралы ақпарат түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті. Олар иесіз жер үйдің өртенгенін анықтаған. Өрттің жалпы ауданы – 30 шаршы метр, үйдің шатыры ішінара құлаған. Іштен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің себебі анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Өрт сағат 14:44-те толық сөндірілді. Оқиға орнында 16 маман және 4 техника жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу