Павлодар мен Түркістан облыстары қырыққабатпен қамту бойынша меморандум жасады

702

Оңтүстіктегі шаруалар павлодарлық дүкендерге арзан өнім жеткізеді.

Павлодар мен Түркістан облыстары қырыққабатпен қамту бойынша меморандум жасады

Павлодар облысында қырыққабат өсірумен айналысатын шаруашылық жоқ. Сондықтан өңірдегі сауда орындарына өнімнің бұл түрі оңтүстік облыстар мен Өзбекстаннан жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бірақ оның бағасы тұрақты емес. Осыдан бір ай бұрын бір келі қырыққабаттың бағасы 120-130 теңгеден бірден 330-350 теңгеге дейін өскен еді. Жергілікті кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мұны оңтүстіктегі шаруалардың босату бағасын 280-300 теңгеге дейін көтеруімен байланыстырды.

Ал алдағы уақытта бағаның осындай күрт артуы болмайды дегенді алға тартады. Себебі жақында ғана екі облыстың әкімдігі "Егістен сөреге дейін" атты ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейту жөніндегі республикалық семинар аясында өзара келісімге келді. Соған сәйкес, оңтүстіктегі алқаптарда өскен көкөністерді павлодарлық нарыққа жеткізу жолдары нақтыланды. Бірақ өнімнің көлемі мен бағасы нақты белгіленген жоқ. Сондықтан бұл келісімнің бағаны тұрақтандыру ісіне қаншалықты әсер ететіні белгісіз.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу