Павлодар қаласы прокуратурасының бастамасымен Павлодар мұнай-химия зауытында ішкі радиохабар тарату жүйесі арқылы қызметкерлерді орталықтандырылған құқықтық ақпараттандыру жобасы іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа жүйе аясында қызметкерлерге күніне екі рет интернет-алаяқтықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелері, алименттік міндеттемелер, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі және ата-аналардың жауапкершілігі туралы өзекті құқықтық ақпарат ұсынылады.
Бұл формат өндірістік процеске кедергі келтірмей, күн сайын 3 мыңнан астам қызметкерді құқықтық ағартумен қамтуға мүмкіндік береді.
Прокуратураның мәліметінше, мұндай бастамалар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.