Павлодар облысы 73 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті

187

Қажеттіліктер Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына жеткізілді.  

Павлодар облысы 73 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті Фото: Есенжол Исабек

Соңғы күндері ел азаматтары су тасқынынан зардап шеккен облыстарға шама-шарқынша қол ұшын созып, көмек беруде. Павлодар облысы да игі істен шет қалған жоқ. Мұндағы белсенді азаматтардың көмегімен гуманитарлық көмек жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына шамамен 13 тонна азық-түлік, жеке күтім заттары, матрастар, сусындар, тұрмыстық тауарлар мен жылытқыштар жеткізілген болатын. Облыстық штаб жанынан ашылған арнайы пункте тұрғындар, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері әкелген бірінші кезекте керек тауарлардың барлығы аталған облыстарға үлестірілді. 
Сонымен қатар, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Маханбет Амангелдінің ұйытқы болуымен Моңғолия қазақтары асарға қаржылай қол ұшын созды. Бұл пункте үш күн ішінде өңіріміздің кәсіпкерлері, қоғамдық ұйымдары мен қарапайым тұрғындардан түрлі тауарлар жиналды. 

"Облыс тұрғындары ел басына туған қиын шақта қалыс қалған жоқ. Үш моторлы қайық, күрек, арба, киім-кешек, азық-түлік және басқа да қажеттіліктердің барлығы 40 тонна болды. Оған қоса, 40 жігіт мінген автобус жолға шықты. Бұл азаматтар зардап шеккен ауылдардағы жағдайды реттеуге көмектеспек", - деп атап өтті Маханбет Амангелді. 

Одан бөлек, бүгін тағы 20 тонна гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігі Петропавлға жолға шықты. Бұл көмек Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен "Аманат" партиясының облыстық филиалдарында ашылған пункттерде жиналды. Бірнеше күн дересінде көрші облыстарға барлығы 73 тоннадан астам көмек көрсетілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу