Павлодар облысы – ауаны ластайтын шығарындылар бойынша көшбасшы өңірдің бірі

338

Былтыр 727 мың тоннаға жуық зиянды зат ауаға таралды. 

Павлодар облысы – ауаны ластайтын шығарындылар бойынша көшбасшы өңірдің бірі Фото: Liter.kz

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Өңір ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуы бойынша елдегі көшбасшы облыстардың бірі. 2022 жылы шығарындылардың жалпы көлемі 727 мың тоннаға жуықтады. Бұл бізден қоршаған ортаға жүктемені азайту және кәсіпорындардың кешенді экологиялық рұқсаттарына біртіндеп көшуі бойынша белсенді жұмысты талап етті", - деді ол.

Облыс әкімінің мәліметінше, биылғы бірінші тоқсанда облыс бойынша эмиссиялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,8 мың тоннаға қысқарды. 

Айта кету керек, осыған дейін былтыр атмосфераға 2,3 млн тонна ластаушы зат шығарылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу