Павлодар облысы ажырасу саны жағынан еліміз бойынша сегізінші орында тұр

1496

Павлодар облысы ажырасу саны жағынан еліміз бойынша сегізінші орында тұр

Павлодар облысында былтыр 5173 заңды неке тіркелген. Ал, жанұяда жарасым таппай заң бойынша ажырасқан отбасылар саны 2958-ге жетті. Облыс ажырасу көрсеткіші бойынша сегізінші орында тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы АХАТ бөлімінің маманы Мараш Ахмедиянованың айтуынша, ажырасқандардың көбі Павлодар қаласының тұрғындары.

"Былтыр жыл басынан бері облыс орталығында 1521 жұп жеке шаңырақ көтеріп, АХАТ бөлімі арқылы неке куәлігін алса, 1643 шаңырақ иесі заң бойынша қайта ажырасқан. Ерлі-зайыптылардың ажырасу себебі әртүрлі. Олардың арасында жасы келгендер мен жаңа қосылған жас жұбайлар да бар", – дейді Мараш Ахмедиянова.

Павлодар қалалық соты мамандарының хабарлауынша, өткен жылдың басынан бері 1627 арыз түсіп, 1298-і сот шешімімен қанағаттандырылған. Яғни ерлі-зайыптылар соттың шешімі бойынша екі жаққа кетті. Ал, екі өтініш ҚР неке және отбасы туралы заңның 16-бабы, 2-тармағы бойынша арыз түсірушінің өзіне қайтарылып берілді. Яғни соттың араласуына ешқандай себеп жоқ деген сөз.  Қалған арыз-шағымдардың барлығы қазіргі таңда қаралып жатыр.

Айта кетейік, ажырасу саны бойынша Қазақстанда Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Онда өткен бір жыл ішінде 16645 неке қиылып, 5693 шаңырақ шайқалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу