Павлодар облысы егін жинау науқанына дайын

932

Павлодар облысы егін жинау науқанына дайын

Павлодар облысы тамыз айының соңында егіс жинау науқанын бастайды. Өңір – 1 гектар жерден 10 центнер бидай алуды жоспарлап отыр. Облыстағы биылғы науқан арпа жармасын жинаудан басталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының Астанадағы мәдениет күндеріне байланысты өткен баспасөз конференцияда айтылды, деп хабарлайды ortcom.kz

Баспасөз жиынға қатысқан Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев 19-23 тамыз аралығында Астанада өтетін Павлодар облысының мәдениет күндерінің кестесімен таныстырды. Мәдениет күндері аясында Ертіс өңірінің дәстүрлі, мәдени-спорттық іс-шаралары және облыстың тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді. Павлодар облысынан 435 тонна көлемінде өнім жеткізіледі. Оның ішінде 45 тоннадан аса ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 90 тонна көкөніс және 100 тоннадан аса ауылшаруашылық өнімдері. Аталған азық-түлік түрлері "Қазақстан" спорт кешенінде арзан бағамен сатылатын болады.
"Мәдени күндер 19 тамызда "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінде "Ертіс-қимақтар өзені" атты көрмемен басталады. Осы күні сағат 18.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртістері К. Жүнісовтің "Ғашықтар хикаясы" атты лирикалық комедиясы бойынша спектакль қояды. 20 тамызда Хан Шатыр сауда орталығының жанындағы Көшпенділер қалашығында күні бойы "Дәуірлермен ұштасқан туған жер" атты павлодарлық фотосуретшілердің көрмесі өткізіледі. Ал, 20 тамыз "Қазанат" ипподромында аударыспақ, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, тас көтеру бойынша сайыстар өтеді. Бас бәйгеге автокөлік тігіледі", – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу