Павлодар облысына биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 16 мың тонна дизель отыны бөлінді

820

Павлодар облысына биылғы көктемгі егіс жұмыстарына 16 мың тонна дизель отыны бөлінді

Павлодарлық шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған бағамен 16 мың тонна дизель отыны бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты өсімдік және механизация бөлімінің басшысы Есентай Мұсалимов мәлім етті.

"Шаруаларға арзандатылған жанар-жағармайдың төрт мың тоннасы наурыз айында берілсе, қалған 12 мың тоннасы сәуір және мамыр айларында тең бөліп үлестіріледі. Бір тоннасы 29,800 теңгеден сатылады. Сонда бір литрі 109-110 теңгеден босатылады. Биыл жанар-жағармайды шаруалар "Промсервис-ПВ" серіктестігі арқылы беріледі. Бұл кәсіпорын негізі мұнай компанияларынан бір тоннасын 127 мың теңгеден сатып алған. Операторлық қызметі үшін 2800 теңге қосып отыр. Қазіргі таңда барлық аудандардан тапсырыс түсіп, құжаттарын қабылдап жатырмыз. Тек екібастұздық кәсіпкерлер ғана сәуір айына шегеріп отыр", – дейді  Есентай Мұсалимов.

Бөлім басшысының сөзінше, былтыр көктемгі егіс науқаны үшін шаруашылықтарға 15 мың тонна дизель отыны арзан бағамен сатылған. Ол кезде де бір литр солярканың бағасы шамамен 100-110 теңгенің айналасында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу