Павлодар облысына жыл басынан бері 4 мыңнан астам шетелдік азамат келген

337

6 айдың қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3840 адам, оның ішінде 854 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Павлодар облысына жыл басынан бері 4 мыңнан астам шетелдік азамат келген Фото: Lada.kz

Әкімшілік тәртіппен елден тыс жерлерге сот шешімі бойынша 48 шетелдік азамат шығарылды.

– Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 57 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 50 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Ағымдағы кезеңде шетелдіктер жасаған 24 қылмыс тіркелді, оның ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, ЖҚЕ бұзу сынды қылмыс тіркелген, – деп атап өтті облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Гомар Шабиденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу