Басты себеп – бизнес жобаларға берілген қаражат мақсатсыз жұмсалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ертіс ауданының прокуратурасы мемлекеттік гранттардың жұмсалуына тексеру жүргізген. Нәтижесінде 14 грант алушы өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды.
Атап айтқанда, олардың кейбірі мәлімдеген бизнес-жобаларын мүлде іске асырмаған, енді бірі тек ішінара орындаған. Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі жеке және тұтынушылық қажеттіліктерге жұмсалған.
Бұдан бөлек, грант қаражатының жұмсалғаны туралы есептер жобалардың нақты іске асырылғанын және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілгенін растамаған.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 18 млн теңге қайтарылды.
"Үш талап арыз бойынша сот прокуратураның талабын қанағаттандырған. Тағы 11 іс бойынша қаражатты қайтару туралы медиациялық келісімдер жасалды", – деп хабарлады прокуратура өкілдері.
Айта кетейік, мемлекеттік гранттар азаматтарға ауыл шаруашылығы, өндіріс, қызмет көрсету және басқа да салалардағы бизнес-жобаларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз негізде беріледі.