Павлодар облысында 16 медициналық нысанды жөндеуге 2 млрд теңгеден астам ақша бөлінген

257

Экологиялық мәселелер аймақтың денсаулық сақтау жүйесін күшейтуге мәжбүр етті. 

Павлодар облысында 16 медициналық нысанды жөндеуге 2 млрд теңгеден астам ақша бөлінген Фото: primeminister.kz

Павлодар облысы онкологиялық сырқатпен ауыратындардың деңгейі бойынша елімізде үшінші орында тұр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Бұрын бізде болмаған жаңа жабдықты қолданып, ерте диагностиканы кеңейту есебінен онкологиялық науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 51 пайыздан 57 пайызға дейін арттырылды. Биыл 16 денсаулық сақтау нысанын жөндеу мен жаңартуға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 2024 жылдың наурыз айында облыс орталығындағы № 1 қалалық аурухананы ауқымды жөндеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, екі жыл ішінде 15 мың ауыл тұрғыны үшін 30 жаңа медициналық нысанды салу жоспары бар. 

"Биыл 37 жаңа санитариялық көлік сатып алып, алдағы екі жылда көлік қажеттілігін толығымен шешеміз", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу