Павлодар облысында 5 адамнан тұратын отбасы иіс тиіп уланды

527

Екі бала ауруханаға түсті.  

Павлодар облысында 5 адамнан тұратын отбасы иіс тиіп уланды Фото: egemen.kz

Павлодар облысы Евгеньевка ауылындағы бір отбасының бес мүшесіне иіс тиіп уланып қалды, деп жазады inbusiness.kz Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 қараша күні кешкі мезгілде үйдегі пешке от жағылған. Келесі күні таңертеңгі уақытта отбасы мүшелері өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем қызметін шақырады. Дәрігерлер тексеру барысында олардың көміртек тотығымен уланғанын анықтады", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілген.

"1958 және 1989 жылы туған әйелдерде, 37 жасар ер адамда көміртек тотығымен уланудың жеңіл дәрежесі анықталды. Ересектер амбулаториялық емге жіберілді. Ал, 11 және 13 жасар екі бала ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу