Павлодар облысында 6 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алулары заңсыз деп танылды

402

Сот 11 шартты жарамсыз деп тапты.  

Павлодар облысында 6 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алулары заңсыз деп танылды

Павлодар облысында мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті емес тәсілімен жеткізушілерді таңдау деректері анықталды, деп жазады inbusiness.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, "Еңбек-Өскемен" РМК филиалымен және "ҚазҚұрылысСервис" ЖШС-мен бір көзден негізсіз жасалған шарттардың жалпы сомасы 6 млрд теңгені құрады.

"Қалалық прокуратураның қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті талап арыз жұмыстарын жүргізді. Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімдерімен 11 шарт жарамсыз деп танылды", - делінген хабарламада.

Павлодар қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы "Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу