Павлодар облысында 84 кәсіпкер оқушыларға уақытша жұмыс орнын ұсынады

963

"Adal tabys" акциясы балаларды адал еңбекке бейімдеп, жазғы демалыс уақытында табыс табуға мүмкіндік береді.

Павлодар облысында  84 кәсіпкер оқушыларға уақытша жұмыс орнын ұсынады

"Еrtіs – adaldyq alańy" жобалық кеңсесі білім беру басқармасымен бірлесіп, өскелең ұрпақты еңбекпен қамту мақсатында "Adal tabys" акциясын бастады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аталмыш шара жазғы мерзімде жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыруға бағытталған.

"Акцияны 84 кәсіпкер қолдап, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары балаларға жазғы мерзімге 750 уақытша жұмыс орындарын ұсынды. Бұдан басқа, жазғы мерзімде жергілікті бюджеттің арқасында 2200 астам мектеп оқушыларын жұмыспен қамту жоспарланған. Олар аймақтарды көгалдандыруға қатысады, сондай-ақ табиғатты қорғау акцияларын өткізеді. Жұмыс берушілер мен кәсіпкерлерді, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшыларын "Adal tabys" акциясына қосылуға шақырамыз",– дейді  мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

Мұның барлығы балаларды адал еңбекке бейімдеп, жазғы демалыс уақытында табыс табуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу