Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 9 айда 6279 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 1504-і – шетел азаматтары, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция мәліметінше, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін 119 жұмыс беруші жауапқа тартылған.
"Есепті кезеңде 595 шетел азаматы Қазақстан азаматтығын алды. Сонымен қатар облыстың 254 тұрғынына шетелге тұрақты тұруға кетуге рұқсат берілді. Олардың 94-і алыс шетел мемлекеттеріне, ал 160-ы ТМД елдеріне қоныс аударуды жоспарлаған", – делінген полиция хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу