Павлодар облысында алимент төлемеген 208 әке іздеуде жүр

571

Павлодар облысында жыл басынан бері алимент төлемей жүрген 96 адам анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында алимент төлемеген 208 әке іздеуде жүр Фото: El.kz

Әрбір ата-ана ажырасқан болса да, балаларын кәмелетке толғанға дейін асырауға міндетті. Бірақ соттың шешімдеріне қарамастан, кейбір азаматтар әлі де кәмелетке толмаған балаларына тиісті ақшаны төлемеген.

"Павлодар облысында кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеуден жалтарған 208 адам іздеуде жүр. Олардың төртеуі шет елдерде: Германия, Түркия, Польшада. Олар бойынша да іздестіру шаралары жалғасуда. Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемейтін 96 адамның орналасқан жерін анықтады. 17 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Алимент бойынша борышкерлердің көлік құралдары туралы мәліметтер “Автоағын” және “Интегра” автоматтандырылған жүйелеріне де енгізіледі. Сонымен қатар алимент төлемейтіндер әкімшілік жауапкершілікке ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де тартылады, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу