Павлодар облысында алимент төлемегендерден 67 көлік тәркіленіп, мүлкі саудаға шығарылып жатыр

561

Өңірде жыл басынан бері алимент және бюджет алдындағы берешекті өтеу есебінен 6 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.

Павлодар облысында алимент төлемегендерден 67 көлік тәркіленіп, мүлкі саудаға шығарылып жатыр Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Прокуратура сот орындаушылары, полиция және жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп, алимент берешегін өндіру және балалардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыс жүргізіп келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәселен, биыл алимент бойынша 5 млрд теңгеден астам, ал бюджет алдындағы берешек ретінде 1 млрд теңге өндірілген.

Қарызын өтеуден жалтарған азаматтарға қатысты "Кибер-шериф" жүйесі де қолданылып жатыр. Осы жүйеге борышкерлерге тиесілі 300-ден астам автокөлік туралы мәлімет енгізіліп, оның 67-сі арнайы тұрақтарға қойылған.

Атап айтқанда, алимент бойынша 1,4 млн теңге қарызы бар азаматтың көлігі берешектің бір бөлігін өтеу есебінен өндіріп алушыға берілді.

"Ақсуда тағы бір борышкердің 1,3 млн теңге қарызы үшін автокөлігі саудаға шығарылды. Сонымен қатар жалпы құны 12,8 млн теңге болатын 3 жылжымайтын мүлік өндіріп алушыларға табысталды.

Прокуратура жүргізген шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген 14 борышкер анықталды. Олардың бірі балаларына 9 млн теңге алимент төлемеген. Прокурорлардың араласуынан кейін берешек толығымен өтелді", – делінген прокуратура таратқан хабарламада. 

Бұдан бөлек, борышкерлерді іздестіруге қатысты жалған мәліметтер әшкереленді.

Прокурорлар 404 борышкер қатысы бар 148 атқарушылық іс бойынша заңбұзушылықтардың жолын кесті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу