Павлодар облысында қарсы жолаққа шыққан жүргізуші жауапқа тартылды

236

Toyota Camry көлігі мемлекеттік нөмірсіз қозғалып, жол ережесін бұзған.  

Павлодар облысында қарсы жолаққа шыққан жүргізуші жауапқа тартылды Фото: stan.kz

Павлодар облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері Астана – Павлодар автожолының Щідерті – Төртқұдық учаскесінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз жүрген Toyota Camry автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында жүргізушінің жол белгісінің талабын елемей, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққаны белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Павлодар облысының полиция департаменті қарсы қозғалыс жолағына шығу жолдағы ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі екенін ескертті. Мұндай әрекет көліктердің бетпе-бет соқтығысуына және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін сақтап, өз қауіпсіздігімен қатар, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу