Павлодар облысында бес ауданның ауыл тұрғындары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде

922

Павлодар облысында бес ауданның ауыл тұрғындары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде

"Бастау Бизнес" жобасы аясында Павлодар облысында бес ауданның ауыл тұрғындары кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік палатаның қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Әнел Жампейісованың айтуынша, аталмыш жобаның басты артықшылығы – тестілеу, оқыту, микронесиелеу кезеңінен бастап, соңғы нәтижеге дейін сүйемелдеу. Бүгінгі таңда облыстағы Баянауыл, Ертіс, Качир, Павлодар, Шарбақты аудандарының тұрғындары өз істерін жүргізуді үйренуде.

"Жыл соңына дейін облыста 937 адам оқытылады. Сәуір айынан бастап қараша айына дейін білім алушылардың 6 легі қосылады. Мысалы, Павлодар ауданында 50 адам қамтылған. Бүгінде білім алушылардың көбінің бизнес-идеялары дайын. Олардың басым бөлігінде тәжірибесі мен басқа да қаржыландыруы көзі бар", – дейді Әнел Жампейісова.

Маралды ауылының 21 жастағы тұрғыны Айдар Аяпбергенов өз бизнесін қай бағытта дамытатындығын нақты біледі.

"Бұл бағдарлама туралы білгеннен кейін бизнес жүргізу бойынша білім алғым келді. Несие алып, ауылда наубайхана ашуды армандаймын. Себебі нан үнемі сұранысқа ие", – дейді Айдар Аяпбергенов.

Оқу барысында қатысушылар жұмыс істеп тұрған бизнесін кеңейтуді немесе жаңа кәсіп ашуды үйренеді. Барлығы 80 оқу сағатында 120 жекелеген кеңес беру жоспарлаған. Оқу қорытындысы бойынша әлеуетті кәсіпкер бизнес-жоспарын дайындайды да, кейін оны ҚКП жанындағы облыстық комиссияның алдында қорғайды. Стартаптар үшін жылына 6 пайыздық мөлшермен несие беріледі. 18 млн теңгеге дейін несие ауылдық кәсіпкерлер үшін зор көмек болатыны сөзсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу