Павлодар облысында кебек тиелген жүк Ресейге кері қайтарылды

206

Кебек тиелген көліктен бидай дәні табылды.

Павлодар облысында кебек тиелген жүк Ресейге кері қайтарылды Фото: АШМ

Павлодар облысындағы "Үрлітөбе" фитосанитариялық бақылау бекетінде Ресейден бидай кебегі ретінде көрсетілген бидайды Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Автокөлік құралын тексеру барысында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мамандары ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер мен жүктің нақты құрамының сәйкес келмейтінін анықтады. Тексеру нәтижесінде көлік құралында кебекпен қатар бидай дәні де болғаны белгілі болды.

Бидайды автомобиль көлігімен тасымалдауға қойылатын шектеулерді және ілеспе құжаттардағы мәліметтердің нақты жүк құрамына сәйкес келмейтінін ескере отырып, жүкті экспорттаушы елге кері қайтару туралы шешім қабылданды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі карантинге жатқызылған өнімдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тасымалдау кезінде фитосанитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы мен белгіленген шектеулердің сақталуы министрліктің тиісті комитетінің тұрақты бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу