Павлодар облысында бит жұқтырғандар көбейген

357

Өңірде жыл басынан бері педикулездің 86 жағдайы тіркелген.

Павлодар облысында бит жұқтырғандар көбейген Фото: Выкса в курсе

Педикулез өздігінен жойылмайды және міндетті емдеуді қажет етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде осы жылдың 4 айында педикулездің 86 жағдайы тіркелді, оның ішінде 44 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. 

"Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 11,14 құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 23,27%-ға өскен. Педикулезбен ауырған балалар мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына қабылданбайды", – дейді департаментте. 

Педикулез (бит) анықталған жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені педикулез паразиттік ауруларға жатады және медицина қызметкерлерінің бақылауын қажет етеді. Медицина қызметкері биттерді жою бойынша ұсыныстар береді.

Педикулезбен ауыратын науқастардың төсек-орындарын, киімдерін дезинфекциялау дезинфекциялық камераларда және педикулез ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

Педикулезбен ауыратын балалар санациядан кейін мектепке дейінгі білім беру және жалпы білім беру мекемесіне педикулездің жоқтығы туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу