Павлодар облысында биыл сүт өңдеуші кәсіпорындарға 376,9 млн теңге субсидия беріледі

776

Павлодар облысында биыл сүт өңдеуші кәсіпорындарға 376,9 млн теңге субсидия беріледі

2017 жылы Павлодарда сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорын шығындарына өтеу үшін 376,9 млн теңге субсидия беріледі деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының хабарлауынша, 2016 жылы бұл бағытқа 326,9 млн теңге бөлінген. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл кәсіпкерлерді қолдау қаражаты 50 млн теңгеге артып отыр.

"Бұл қаражат кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сатып алу шығындарын өтеу бағдарламасы бойынша үлестіріледі. Бөлінген соманың 207,9 миллионы 770 тонна сары май, 51,8 миллионы 216 тонна қатты ірімшік және 117,2 миллоны 1070 тонны құрғақ сүт өңдеуге бағытталмақ", – дейді басқарма мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу