Павлодар облысында екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

842

Павлодар облысында екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан былай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасын Ораз Дүзденбаев басқарса, ветеринария басқармасына Қайыржан Байжанов жетекшілік етеді.
Ораз Дүзденбаевтың екі жоғары білімі бар. Ол ұзақ уақыт ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істеген. Жеті жылдан астам уақыт "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясының облыстық филиалын басқарды. Бұған дейін Железин ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

Қайыржан Байжановтың "ветеринария дәрігері" мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Павлодар ауданының мемлекеттік ветеринария испекторы және ветеринария бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Жаңа тағайындауға дейін Павлодар аудандық мәслихатының хатшысы болды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу