Павлодар облысында электр энергиясының 42,5%-ы өндіріледі

Сондай-ақ, өңірде көмірдің 60%-ға жуығы өндіріледі.

Павлодар облысында электр энергиясының 42,5%-ы өндіріледі Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға байқалады. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде аймақ басшысы Асайын Байханов мәлім етті. 

Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі 28,2% артып, 730 млрд теңгеден асқанын атап өтті.

"Жыл соңына дейін құны 291 млрд теңгені құрайтын тағы 20 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Инвестициялардың өсу қарқыны бойынша біздің облыс республикада төртінші орында. Оның 85% жеке инвестициялар. Жалпы, облыс басшылығы 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құратын жалпы құны 2 трлн теңгенің 127 инвестициялық жоба пулын әзірлеуде", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол Павлодар облысында елдегі электр энергиясының 42,5%-ы және көмірдің 60%-ы өндірілетінін баса айтты. 

Аймақ басшысы облыс атмосфераға зиянды қалдықтар шығарылуы бойынша республикада көш бастап тұрғанын мойындады.

"Облыста кешенді экологиялық шешімдерге кезең-кезеңімен көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың 9 айында қалдықтар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 2,6%-ға немесе 13,2 мың тоннаға азайды", - деп түйіндеді өңір басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу