Павлодар облысында заңсыз иеленген 5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

101

Фермердің қарамағында небәрі 400-ге жуық мал болған.    

Павлодар облысында заңсыз иеленген 5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Павлодар облысының Май аудандық прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді халыққа қайтарды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Май ауданында прокуратура бір шаруа қожалығына жайылымдық жерлерді бөлу кезінде жер заңнамасының бұзылуын тоқтатты.

Тексеру барысында фермерге берілген жалпы аумағы 5 мың гектардан асатын, құны 12 млн теңгеден жоғары төрт жер учаскесі шаруашылықтың нақты қажеттілігінен едәуір артық екені анықталды. 

"Белгіленген жүктеме нормативтеріне сәйкес, мұндай жайылымдар шамамен төрт мың бас ірі және ұсақ мал ұстауды көздейді. Алайда іс жүзінде фермерде небәрі 400-ге жуық мал болған, бұл қажетті мөлшерден он есе аз.

Сонымен қатар, жер пайдалану шарттары заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген. Прокурордың наразылығы бойынша жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу