Павлодар облысында қақаған аязда жолға шыққан 16 жолаушы құтқарылды

924

Көліктер "Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық тас жолының жабылғанына қарамастан жолға шыққан.

Павлодар облысында қақаған аязда жолға шыққан 16 жолаушы құтқарылды

Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінің жанында Toyota Caldina автокөлігінің жолаушылары 5 ақпан күні сағат 22.50-де жылыту пунктіне жеткізілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық тас жолы ауа райына байланысты жабылғаны белгілі. Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түріне шектеу қойылғанына қарамастан, Toyota Caldina автокөлігімен төрт адам Астана қаласына жолға шыққан", – дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде.

Бұдан басқа, сағат 23.30-те кезекшілік бөліміне Железин ауданының Железин ауылында "Mercedes-Benz Sprinter" маркалы автобус № 1 мектеп интернатындағы жылыту пунктіне жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Омбы – Павлодар бағытында жолға шыққан көлікте 12 адам болған. Оның төртеуі – Ресей Федерациясының азаматтары.

Айта кетерлігі, кеше республикалық маңызы бар және облыстық жолдардың жабылуына байланысты барлық бағытта дизельді және қоғамдық көліктерге шектеу қойылған.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бүгін түнде өңірде желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшейеді. Температура бағаны – 30 градусқа дейін көрсетуіне байланысты 1-9 сыныптарда сабақтар өткізілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу