Павлодар облысында қант 4,7 пайызға арзандады

825

Павлодар облысында қант 4,7 пайызға арзандады

Павлодар өңіріндегі сауда орталықтарында қант бағасының төмендеуі байқалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық статистика департаменті ұсынған мәліметтерге сүйенсек, аймақта 2017 жылғы желтоқсан айында тұтыну бағаларының индексі 100,4%-ды, азық-түлік тауарларының бағасы 100,3%-ды, ақылы қызметтер 100%-ды және азық-түлік емес тауарлары 100,8%-ды құрады.

"Азық-түлік тауарлары бойынша жұмыртқа бағасы 0,9%-ға, көкөністер – 3,4%-ға өсті. Ал, қант бағасы 4,7%-ға төмендеді", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, жанар-жағармай материалдарының бағасы 0,9%-ға төмендеді. Ақылы қызметтер бойынша көлік қызметінің бағасы 7,5%-ға артқан. Оның ішінде ішкі қалалық қатынастарда автобуспен жол жүру 14,3%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу