Павлодар облысында карантин шаралары қашан жеңілдетіледі?

921

"Қызыл аймақта" Ақтоғай ауданы, Павлодар  және Ақсу қалалары тұр.

Павлодар облысында карантин шаралары қашан жеңілдетіледі?

"Сары аймаққа" өткен Павлодар облысында карантин шаралары қашан жеңілдетіледі? Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.

"Облысымызда КВИ жұқтырушылардың қарқыны азайды. 3-9 мамыр аралығында 856 жағдай тіркелсе, 10-16 мамыр аралығында 698 жағдай анықталды. Көрсеткіш әжептәуір төмендеді. Қазір тәуліктік өсім 0,4 пайызды құрап отыр", - деді Батырбек Әлиев.

Облыс ішінде "қызыл аймақта" Ақтоғай ауданы, Павлодар  және Ақсу қалалары тұр.

Департамент басшысы облыстың "сары аймаққа" өтуіне байланысты карантиндік шектеу шаралары қашан жеңілдетілетінін айтты.

"Біз бір апта эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын боламыз. Сол аралықта жағдай тұрақты болса, шектеу шараларын жеңілдетуге қатысты қаулы қабылданады", - деді Батырбек Әлиев.  

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Павлодар облысында 22900 адамнан коронавирус анықталған. 21092 тұрғын індеттен жазылып шықты. Соңғы тәулікте КВИ жұқтырған 97 адам анықталды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу