Мұндай құқық бұзушылық үшін жүргізушілер 6 айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Көп жағдайда жүргізушілер басып озу кезінде тұтас сызықты немесе мұндай маневрге тыйым салатын жол белгілерін елемей жатады. Дегенмен, бұл жауапкершілік те кейбір жүргізушілерді тоқтата алмай отыр.
Мәселен, Павлодар ауданына қарасты Набережное ауылының маңында Nissan Note автокөлігінің жүргізушісі жол белгісін елемей, қарсы жолаққа шығып, өзге көлікті басып озған. Жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері барлық жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген ережелерді қатаң сақтауға, жолда мұқият болып, өзара құрмет танытуға шақырады. Себебі әрбір адамның қауіпсіздігі – жолдағы тәртіп пен жауапкершілікке тікелей байланысты.