Павлодар өңірінде кәсіпкерлікті дамыту бағытында 29 шағын несие берілді

775

Павлодар өңірінде кәсіпкерлікті дамыту бағытында 29 шағын несие берілді

Павлодар облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында 29 шағын несие берілген. Оның ішіндегі 18 жоба (226, 05 млн теңге) жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге бағытталса, сегіз жоба (91,65 млн теңге) жаңа бизнесті ашуға, үшеуі стартап жобаға (28,0 млн теңге) бөлінді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Қанат Зайыр айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Аталған жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде 56 жұмыс орны құрылды, - деді Қанат Зайыр. - 21 жоба – Павлодарда, төрт жоба – Екібастұзда, үш  жоба Ақсу қаласында жүзеге асырылады. 2017 жылы үш  қалада мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген шағын несиелендіру көлемі 456, 9 млн теңгені құрады. Қаржы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық филиалына аударылған. Шаштараз, қоғамдық тамақтану, жүк тасымалы сияқты қызмет көрсету саласында  шағын несиелерді кепілдендіруге 28,6 млн теңге бөлінді".

Спикердің айтуынша,  "НұрБанк" АҚ,  "АТФ Банк" АҚ,  "Халық банкі",  "Ресей жинақ банкі" АҚ  және "ForteBank" АҚ  филиалдарымен  келісімдерге қол қойылған.  Қазіргі таңда   бұл банктер жалпы көлемі 64, 1 млн теңгені құрайтын алты жобаны мақұлдаған және 37 млн теңгені құрайтын тағы үш жоба қарастырылуда. Нәтижесінде бөлінген, мақұлданған және қаралып жатқан жобалардың жалпы сомасы 453, 7 млн теңгені құраған.

"Мемлекет тарапынан қаржыландырылған бірқатар  қызықты жобаларды атап өтуге болады, - Қанат Зайыр. - Оның бірі - инвестициялық құны 9,8 млрд теңгені құрайтын "Аппарель" серіктестігі. Кәсіпорын оттекті станция сатып алған және бүгінде  өндірістік оттегі шығаруды жүзеге асыруда. Сонымен қатар Екібастұзда  "АдеміGroup" ЖШС шаштараз қызметін ұсынса, Павлодарда "Pro-Service" жеке кәсіпкерлігі техникалық бақылау станциясына ғимарат сатып алды. "Пархоменко" ЖК  пенопласттан жасалған бұйымдар шығаруды көздеп отыр".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу