Павлодар облысында қатарластарын бопсалады деген күдікпен 2 студент ұсталды

121

Жасөпірімдер "салық жинау" схемасын ұйымдастыруды жоспарлапты.    

Павлодар облысында қатарластарын бопсалады деген күдікпен 2 студент ұсталды Фото: polisia.kz

Полиция бопсалаумен айналысты деп күдікке ілінген топтың әрекетіне тосқауыл қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, олар өз қатарластарына күш қолданып ақша талап етпек болған. Жедел іс-шаралар барысында колледждің екі студенті ұсталып, олар қамауға алынды.

"Күдіктілердің күш қолданумен қоқан-лоққы көрсетіп, қылмыстық ниеттерін іске асыруға бағытталған әрекеттер жасағаны анықталды. Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Осылайша, заңсыз әрекеттің бастапқы кезеңінде жолы кесіліп, оның әрі қарай өршуіне жол берілмеді", – деп хабарлады Ғабит Қабдрахманов.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да оқиғаларға қатысы жан-жақты тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу