Павлодар облысында кездейсоқ жүргінші үш баланы өрттен құтқарып қалды

848

Павлодар облысында кездейсоқ жүргінші үш баланы өрттен құтқарып қалды

Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының жанындағы Беловка кентінде 24 жастағы жігіт үш баланы өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің  баспасөз қызметі хабарлады.

"№ 11 өрт сөндіру  бөлімінен сегіз шақырым қашықтықта Космонавтар көшесі, 22 мекенжайы бойынша орналасқан екі бөлмелі үй толығымен отқа оранған. Шлактан құйылған 70 шаршы метр үйдің төбесі толығымен опырылып түскен. Абырой болғанда, сол жерден өтіп бара жатқан 24 жастағы ер адам дер кезінде үш баланы сыртқа алып шыққан, – дейді ведомствода.

Департамент ұсынған мәліметке сүйенсек, 2013, 2015 және 2017 жылы туған қыздар  үшінші дәрежелі ысты газбен улану диагнозымен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілген.

Тілсіз жаудың орын алғаны туралы  сағат 16.38-де куәгер хабарлаған.  Оқиға орнына жеке құрамнан бес адам мен екі техника шығып, сағат 21.21-де толығымен сөндірілген.  

Өрт шыққан кезде балалардың  әкесі  – жұмыста, анасы дүкенге шығып кеткен.

Алдын ала болжам бойынша  мұндай жағдайдың орын алуына балалардың тентектігі себеп болған. Үш баланы ажалдан  аман алып қалған  жігіт  облыстық ТЖД тарапынан  марапатқа ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу