Павлодар облысында көктайғақ салдарынан 31 жол апаты болды

574

Салдарынан 2 адам ауруханаға жеткізілді, қалғаны материалдық шығынға ұшыраған.

Павлодар облысында көктайғақ салдарынан 31 жол апаты болды

Екі күн ішінде Павлодар облысының аумағындағы жолдарда 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 9 қараша сағат 06.15 шамасында "Павлодар-Қызылорда" автожолында Шідерті кентінің маңында Toyota Alphard маркалы екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, 34 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілген. 

"Сондай-ақ, сол күні сағат 07.30 шамасында Лимонная көшесіндегі үйге қарама-қарсы жерде Volksvagen Passat маркалы автокөліктің жүргізушісі 14 жастағы кәмелетке толмағанды қаққан, ол реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігінен өткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу