Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

115

"ҚазАвтоЖол" Павлодар облысында көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды Фото: canva

– 2025 жылғы 22 қарашада сағат 00:30-да Павлодар облысында көлік айрығы қондырмасының шеткі арқалықтарының зақымдалуына байланысты "Астана-Шідерті-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолында (Қалқаманға кіреберіс пен Астана қаласына шығу бағыты) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, – делінген хабарламада.

Әзірге Қалқаман елді мекенінен Астана қаласына Береке "Қалқаман-Ақсу" көлік айрығы арқылы және Павлодар қаласынан Қалқаманға "Баянауыл" көлік айрығы арқылы жетуге болады. 

Тәуліктің кез келген уақытында 1403 байланыс орталығы арқылы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу