Павлодар облысында көлік үш жылқыны қағып кетті

343

Жылқы иесіне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Павлодар облысында көлік үш жылқыны қағып кетті Фото: Polisia.kz

27 қазан күні сағат 06:15-те Toyota Estima автокөлігінің жүргізушісі Екібастұз – Стелла автожолымен жүріп келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде тұрған үш жылқыны қағып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Апат салдарынан жылқылар өліп, көлік құралы зақымданған. Жылқы иесі анықталды. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полиция жәбірленушіні әкімшілік жауапкершілікке тартумен қатар, жүргізушіге келтірілген материалдық залалды өтеу үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу