Павлодар облысында қос азаматттықпен жүрген 800-ден аса адам анықталды

316

Оның 49-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 8-і елден шығарылды

Павлодар облысында қос азаматттықпен жүрген 800-ден аса адам анықталды Фото: gov.kz

Polisia.kz мәліметінше, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетелдік азамат бір мезгілде біздің еліміздің және басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, онда ол сол сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтамайды. 

Қазіргі уақытта облыстық ПД көші-қон қызметінің бөлімшелері облыстың мемлекеттік органдарымен бірлесіп, қос азаматтықты анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. 

"Биыл Павлодар облысында 819 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. 49-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8-і Қазақстан Республикасынан шығарылды", деді Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ғомар Шәбиденов. 

Мәселен, Павлодар облысы Шарбақты аудандық полиция бөлімінің көші-қон полицейлері 45 жастағы ер адам Ресей Федерациясының азаматы бола отырып, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алмағаны туралы фактіні анықтады. Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды.

Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу