Павлодар облысында қос азаматтық алған әйел елден қуылды

53

ҚР заңнамасына сәйкес, азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы уәкілетті органдарға белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті.  

Павлодар облысында қос азаматтық алған әйел елден қуылды Фото: pasporta.org

Құқық қорғау органдары жақында көрші мемлекеттің азаматтығын да иеленген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азаматтығын ауыстырған әйел бұл туралы көші-қон қызметіне немесе еліміздің дипломатиялық өкілдіктеріне хабарламаған.

– Шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін әйел жауапкершілікке тартылды. Шарбақты аудандық сотының шешімімен ол Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылып, еліміздің аумағынан шығарылды, сондай-ақ оған Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері өңірде шетел азаматтығын алғаны туралы хабарламағаны үшін 5 азамат жауапкершілікке тартылған. Олардың екеуі сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, елге кіруге тыйым салынды.

Заң бұзған тұлғалар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапқа тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу