Павлодар облысында көші-қон ережесін бұзған 213 шетелдік анықталды

554

22 шетелдік елден шығарылды.

Павлодар облысында көші-қон ережесін бұзған 213 шетелдік анықталды Фото: gov.kz

Павлодар облыстық полициясы елде болу ережелерін бұзған 213 шетелдікті анықтады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан аумағына заңсыз кірген 35 жастағы Ауғанстан азаматын "Заңсыз-Кордон-2022" жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары ұстады.

"Шетелдік азаматқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін қолданыстағы заңнама бойынша жауап беруге тура келеді. Полиция елде болу ережелерін бұзған 213 шетелдікті анықтады. Олардың ішінде 70-і еңбек қатынастарын сақтамаған. Заңнаманы бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін еліміздің 19 азаматы жазаланды", – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Тәртіп сақшысының айтуынша, түрлі заңбұзушылық үшін шетелдіктерге қатысты әкімшілік іс жүргізілген. 22 шетелдік Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарылды.

Шетелдік азаматтардың келуі туралы ішкі істер органдарын уақтылы хабардар етпеген 90 қабылдаушы адам анықталған. Бұдан бөлек облыс аумағында ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу