Павлодар облысында қысқы аңшылық маусымы жарияланды

597

Ол 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Павлодар облысында қысқы аңшылық маусымы жарияланды Фото: Caspian News

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше,  қоян, түлкі, қарсақ сияқты терісі бағалы аңдар және сібір еліктерін аулауға рұқсат беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Инспекция таратқан мәліметке сәйкес, қоян, қарсақ және түлкіні  аулау 2023 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады. Бұл маусымда 155 елік, 5539 қоян, 371 түлкі, 163 қарсақты аулауға квота бөлінген. Терісі бағалы аңдарға бір реттік жолдама құны-5 мың теңге, маусымдық - 11-12 мың теңге және тұяқтылар үшін 40-50 мың теңгеге дейін.

pavlodarnews.kz сайтының ақпаратына сәйкес, аңшылықты жоспарлау барысында аңшылық шаруашылықтың ішкі ережелеріне, аң аулауға рұқсат етілген орындар, бір аңшыға берілген жүктеме көлемі, жабайы аңдардың мекендеу ортасының тығыздығы, аңшылық ұйым аңшысымен бірге қандай аң аулауға болатынына назар аудару қажет.  

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аңшылықпен заңсыз айналысқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу