Павлодар облысында қызметтік иттер 214 қылмысты ашуға көмектесті

224

Оның 78-і есірткі қылмысына қатысты.

Павлодар облысында қызметтік иттер 214 қылмысты ашуға көмектесті Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жыл басынан бері қызметтік иттердің көмегімен 214 қылмыс ашылды. Оның 78-і есірткі қылмысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызметтік иттер қылмыскерлердің ізін анықтауға, есірткі және жарылғыш заттарды табуға, сондай-ақ жоғалған мүлікті іздестіруге көмектеседі.

Мәселен, Кенжекөл ауылында Ж-Альдо лақап атымен белгілі қызметтік ит ұрлыққа күдіктінің аяқ киімінен қалған иіс арқылы ізге түскен. Нәтижесінде полицейлерді ұрланған арба тұрған үйге алып барған. Анықталғандай, күдікті арбаны бір бөтелке араққа айырбастап жіберген. Ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы полиция департаментінің кинологиялық орталығында 16 қызметтік ит бар. Олар кинологтармен бірге тәулік бойы қызмет атқарып, қылмыстарды ашуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу