Павлодар облысында майлы дақылдардың 22 пайызы ғана жиналды

1122

Павлодар облысында майлы дақылдардың 22 пайызы ғана жиналды

Павлодар облысында майлы дақылдардың 22 пайызы жиналды. Былтыр осы кезеңде өнімнің 45 пайызы алынған болатын. Диқандар егін ору жұмысын қарашаның 25-іне дейін аяқтауы тиіс, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы және механизация бөлімінің бас маманы Байболат Рахымжановтың айтуынша, биыл облыста 195 мың 700 гектар алқапқа күнбағыс, зығыр және рапс егілген. Қазіргі таңда шаруалар гектарына 6-7 центнерден өнім алуда.

"Жұмыс баяу жүруде. Оған ауарайының қолайсыздығы себеп болып отыр. Жауын мен қардың көптеп түсуі салдарынан жер ылғал. Мұндай жағдай техникаға қолайсыздық тудырады. Кем дегенде екі-үш күнге 5-10 градусқа күн суытса, жұмыс өнімді болар еді, - дейді Байболат Рахымжанов.

Айта кетерлігі, күнбағыс және зығыр өсіруде Қашыр жән Успен аудандарының шаруалары алда келеді. Облыстағы майлы дақылдар алқабының 50 пайыздан астамы осы екі ауданға тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу